Select Page

2024 жылғы 16 ақпанда 5308 аудиториясында «Оптикалық талшықтарды дәнекерлеу аппаратының көмегімен қосу және ұзарту» тақырыбында мастер-класс өтті. Мастер-классты Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының сениор-лекторы Қусамбаева Назым Шаяхметқызы жүргізді. Мастер-класқа РЭТ-20-1 және РЭТ-20-2 топтарының студенттері қатысты. Назым Шаяхметқызы оптикалық талшықтарды қосу және ұзарту процесін көрсетіп, дәнекерлеу аппаратының жұмыс принциптерін түсіндірді, сондай-ақ жабдықты қолдану бойынша практикалық кеңестер берді. Студенттер лектордың жетекшілігімен оптикалық талшықтарды қосып көруге мүмкіндік алды. Мастер-класс пайдалы және практикалық бағытталғаны үшін қатысушылардың жоғары бағасын алды.

Приемная комиссия