Select Page

2025 жылдың 8 сәуірінде ТУИБ кафедрасының профессоры Қарсыбаев Е.Е. «Іскерлік ойын» инновациялық оқыту әдістерін жоғары педагогикалық деңгейде тәжірибеде қолдану бойынша шеберлік сабағын өткізді.

«Қазақстан – Еуразиядағы көлік-логистикалық хаб» іскерлік ойынында жоспар мен сценарий толығымен Gemini Ai AI негізінде әзірленді.

Іскерлік ойынның мақсаты студенттерге Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту және пайдаланумен байланысты проблемалар мен перспективалар туралы практикалық түсінік беру болып табылады. Оқытудың интерактивті әдісі ретінде «Бункер» пікірталас және карта ойынының бейімделуі пайдаланылды.

Іскерлік ойын мынандай Концепцияда өтті:

2 команда Қазақстанның көлік-логистика саласының негізгі ойыншыларымен ұсынылған. Ойын бірнеше раунд бойынша өтті. Әр турдың басында Қазақстанның көлік-логистика саласының дамуына әсер ететін түрлі факторларды көрсететін «Шарттар» немесе «Оқиғалар» картасы ашылады.

Іс-шарамен танысқаннан кейін әр команда жағдайды белсенді түрде талқылап, туындаған жағдайларға жауап беру үшін өз білімдерін пайдаланды.

Skip to content
Приемная комиссия