Select Page

Еліміз бірер күндерден соң Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын, яғни адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірін атап өткелі отыр. Бұл күн бейбітшіліктің соғысқа, батылдықтың қорқынышқа, әділеттіліктің зұлымдыққа қарсы жеңісі болып табылады. Бостандық пен тәуелсіздікті қорғаған батырлардың ерлігі мен рухы ұрпақтарды біріктіреді және біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!

Осы қасиетті мереке қарсаңында ассоц. профессор К.Ә.Жүсіповтың басқаруымен ПДМ-22-1 тобының студенттері Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» атты салтанатты іс-шараға қатысты.

Өткен орын: Армия үйі және 28 панфиловшы гвардияшылар атындағы саябақ. Ісшараның бір бағдарламасына сәйкес студенттер Даңқ мемориалының жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Армия үйінің мұражайын аралады.

Skip to content
Приемная комиссия