«Көліктегі басқару және модельдеу» кафедрасының ұйымдастырылуымен М.Тынышпаевтың 142 жылдығына арналған «Логистика және көлік» академиясының білім алушылары арасында «Танымы биік тау тұлға» атты интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында Мұхамеджан Тынышпаевтың қоғамдық саяси өмірі мен қызмет жолдары талқыланды. Интеллектуалды ойынға 4 команда қатысып, жүлделі орындарға ие болды.