Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті алғаш рет беделді QS World University Rankings: Asia 2026 халықаралық рейтингіне еніп, Азия бойынша 1001–1100 орын және Орталық Азия университеттері арасында 59-орын иеленді.
QS рейтингі жоғары оқу орындарын академиялық және жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғылыми жарияланымдардың дәйексөзі, интернационалдандыру деңгейі, академиялық ұтқырлық және халықаралық ғылыми ынтымақтастық сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды.
ALT Университетінің QS рейтингіне енуі – білім сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және халықаралық серіктестікті нығайту жолындағы тұрақты дамуының маңызды нәтижесі. Университет тұрақты даму стратегиясын жүзеге асырып, шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікті кеңейтіп, көлік технологиялары, логистика және цифрлық трансформация салаларында инновациялық бағыттарды дамытып келеді.
Бұл жетістік Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі екенін дәлелдейді және университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін одан әрі нығайтуға мүмкіндік ашады.




