2025 жылғы 24 қыркүйек күні Алмалы аудандық комьюнити орталығында (Байтұрсынов көшесі, 22к1) Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Өмір – ең жақсы құндылық» жобасы аясында семинар өтті.
Аталған іс-шараға ALT Университетінен институт директорларының орынбасарлары, Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Д.Р., сондай-ақ эдвайзерлер белсенді қатысты.
Семинар тақырыптары:
- Суицидтің алдын алу;
- Жаман әдеттердің алдын алу;
- ЖЖБИ сырқаттанушылығының алдын алу;
- Жыныстық тәрбие.
Қатысушылар психоаналитик Нурпеисова С. әзірлеген әдістемелік ұсынымдар жинағын (брошюра түрінде) және профессор, психиатр, клиникалық психолог Асимова Т. ұсынған кәсіби кеңестерді алды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.