2025 жылғы 11 қараша күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Өмір – ең жақсы құндылық» жобасы аясында семинар өтті.
ALT Университетінен оқу-әдістемелік және әлеуметтік жұмыс жөніндегі институт директорларының орынбасарлары – Бадамбаева Салтанат Ергазиевна, Төреқұл Айдана Қайратқызы, Бегимкулова Элмира Алимбековна, Найман Дәулетхан, Шопанов Айбек Серикович, Мусин Нурлан Геннадьевич сондай-ақ эдвайзерлер белсенді қатысты.
Семинар тақырыптары:
• Суицидтің алдын алу;
• Жаман әдеттердің алдын алу;
• ЖЖБИ сырқаттанушылығының алдын алу;
• Жыныстық тәрбие.
Қатысушылар психоаналитик Нурпеисова С. әзірлеген әдістемелік ұсынымдар жинағын және профессор, психиатр, клиникалық психолог Асимова Т. ұсынған кәсіби кеңестерді алды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.


