Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес ағымдағы оқу жылының 29 сәуірі мен 25 мамыры аралығында «М.Тынышпаев атындағы ALT университеті» АҚ 3 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті. Өндірістік тәжірибенің мақсаты – студенттердің пәндерді оқу барысында алған теориялық білімдерін бекіту, өндірісті ұйымдастырумен және технологиясымен танысу. Барлығы практикаға 380 студент жіберілді. Негізгі тәжірибе базасы – «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» аймақтық филиалдары. Сондай-ақ студенттер «Қазақтелеком» АҚ, «Казхром» ТҰК АҚ, «Алматыэлектротранс» ЖШС, «Шынгар-Транс» ЖШС, «КаздорНИИ» ЖШС, «КазНИИБД» ЖШС базаларында және көліктік-логистикалық саладағы әртүрлі компанияларды тәжірибе өтті.
Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттер кәсіпорынның нормативтік құжаттамаларымен және технологиялық процестерімен танысты, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарына тартылды, автомобиль және темір жолдарды салуға, реконструкциялауға, жөндеуге көмектесті, жүктерді сақтау және тасымалдау процестерін ұйымдастыруды үйренді.
ПЧ-46 Алматы жол дистанциясы бойынша «Темір жол және жол шаруашылығы» мамандығы студенттерінің тәжірибелік сабақтарының барысы «Қазақстанның теміржолшсы» салалық газетінде және ҚТЖ сайтында жарияланды.
Өндірістік тәжірибе аяқталған соң студенттер атқарылған жұмыстарды сипаттайтын есептерін тапсырды.