Select Page

IT-ЭЭ-24 мамандығының 2-курс студенттерімен Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Бұл сапар студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық және әлемдік бейнелеу өнерінің жауһарларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Экскурсия барысында білім алушылар түрлі дәуірлер мен стильдерге жататын туындыларды тамашалап, Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасу тарихын зерделеді. Музей экспозициялары студенттерге мәдени мұраның маңызын тереңірек түсінуге жол ашты.

Осындай іс-шаралар болашақ мамандардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, олардың рухани және шығармашылық тұрғыда үйлесімді дамуына ықпал етеді.

Білім мен өнер – үйлесімді дамудың кепілі

Куратор-эдвайзер: Тасыбаева Н.Қ.

Skip to content
Приемная комиссия