Ағымдағы жылдың 12-қыркүйегінде «Логистика және көлік Академиясы» базасында, Отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты тақырыпта жалпы студенттердің қатысуымен кездесу өткізілді. Аталмыш шараның басты қонағы Астана қаласындағы Рыскелді қажы мешітінің бас имамы, теолог, дінтанушы Асанов Нұрлан Байжігітұлы келіп, отбасы құндылықтары мен тәрбие жайлы жастарға көптеген мағлұмат берді. Нұрлан имам жастарға отбасы құндылықтарын қазақи тәлім-тәрбие арқылы жеткізді. Сонымен қатар, енді оқуға түскен жастарға білім алудың маңызы мен қоғамдағы өз орнын тауып, болашақта мықты маман иелері болудың қаншалықты маңыздылығын түсіндіре өтті. Конференцияға Академия студенттері мен оқытушылар қатысып, Отбасы құндылықтары жайлы пайдалы білім мен ақпараттар алды.