Select Page

«Ақпараттық технологиялар» мамандығының 2-курс студенттерімен бірге Роллан Сейсенбаевтың шығармасы негізінде сахналанған «Мәңгілік бала бейне» спектаклін тамашаладық.

Қойылым Семей ядролық полигонының қасіретті зардаптарын Ләйлә есімді қыздың тағдыры арқылы баяндайды. Радиация салдарынан ауыр дертке шалдыққан кейіпкердің денесі өссе де, жан дүниесі бала күйінде қалып қояды. Ләйлә — мәңгілік балалықтың символы әрі адамзат қателігінің құрбаны.

Студенттер кейіпкердің пәк әрі таза көзқарасы мен мейірімге толы ішкі әлемін сезіне отырып, тарихи қасіреттің тереңдігін түсінді. Бұл қойылым жастардың бойында жанашырлық, адамгершілік және болашақ алдындағы жауапкершілік сезімін оятты. «Мәңгілік бала бейне» — тәрбиелік мәні зор, әрбір адамды ойландыратын терең мағыналы шығарма.

Эдвайзер-куратор: Мұратбек Таңшолпан Даниярқызы

Skip to content
Приемная комиссия