Select Page

ALT University-де мастер-класс

2025 жылдың 9 сәуірінде ALT Университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Практикалық сабақтарда герменевтикалық әдістерді қолдану: Liberal Arts білім беру моделі аясында» атты тақырыпта мастер-класс өткізілді. Спикер ретінде кафедраның аға оқытушысы Мырза Е.А. сөз сөйледі.

Іс-шараның мақсаты – герменевтикалық тәсілдердің мәнін ашу, олардың білім беру процесіндегі тиімділігін көрсету және студенттердің аналитикалық әрі сыни ойлау қабілеттерін дамыту.

Мастер-класс барысында қатысушылар мәтінді терең талдау, интерпретация және рефлексия әдістерімен танысты. Сонымен қатар, Liberal Arts моделінің ерекшеліктері мен философиялық пәндердегі маңыздылығы кеңінен талқыланды.

Іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге оқытушылар  Абдирайымова А.С., Ишанов Е.Х., Канагатов М.К., Сырбаев Е.У. және Ргызбаева М.Д. белсенді түрде атсалысты.

Skip to content
Приемная комиссия