Select Page

Ағымдағы оқу жылының 22 ақпанында Академия студенттерімен кездесуге елімізге танымал актёр, тележүргізуші, шоумен Қайрат Әділгерей мен театр актёрі, тележүргізуші Олжас Сақ қонақ болып келді. Кездесуде қонақтарымыздың өнер жолындағы түрлі оқиғалары, өмірден алған тәжірибелері мен қоғамға тигізіп жатқан әсері жайлы сұхбат өтті. Сонымен қатар Ағаларымыз түрлі салалардағы тәжірибесімен бөлісіп, жастарымызға қажетті білім мен пайдалы дүние бере білді. Іс-шарамызға 500-ден аса студенттермен қатар Академия басшылығы мен қызметкерлер қатысты. Жалпы кездесу еркін форматта өткендіктен, студенттер сұрақтарын қойып, жоғары деңгейде өтті деп айта аламыз.

Приемная комиссия