13 наурыз күні ALT университетінің ғимаратында «Қалдықтарды бөлек жинау – жауапты тұтынуға апарар негізгі қадам. Бұл неге маңызды?» тақырыбында қонақтық лекция өтті. Іс-шараны «АТС және БЖД» кафедрасының ассистент-профессоры Бимагамбетова Л.Н. ұйымдастырды.
Лекцияға қонақ ретінде «Recycle BІRGE» экологиялық қозғалысының өкілдері шақырылды:
🔹 Пакизат Сайлаубекова – қозғалыстың тең құрылтайшысы, @ecologiya_bez_paniki подкастының тең авторы
🔹 Сверенкова Анастасия – эколог-активист.
Лекция барысында сарапшылар қалдықтарды бөлек жинаудың маңыздылығы, оның қоршаған ортаға әсері және қайта өңдеу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Қазақстан мен әлемдегі қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізудің сәтті тәжірибелері, сондай-ақ халықтың экологиялық әдеттерін қалыптастыру жолдары талқыланды.
Тыңдаушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, еліміздегі экологиялық мәдениетті дамыту перспективалары бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шара білім мен тәжірибе алмасуға арналған пайдалы алаңға айналып, қатысушыларды тұтыну мен қоршаған ортаға саналы қарауға шабыттандырды.
♻ Қалдықтарды бөлек жинау – тұрақты болашаққа апарар маңызды қадам!