Select Page

2025 жылдың 14 қараша күні, Ұлттық валюта — теңге күніне орай, ALT университетінің «Көліктік қызметтер және бизнес» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сугурова А.Ж. МиБА-24-1 және ЭиМ-24-1 топтарының студенттерімен бірлесе отырып, «Қаржылық тұрақтылық – ұлттық дамудың кілті» атты іскерлік ойын ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараға ЭиМ-25-1, ЭиМ-24-1, КГ-23-1, КГ-23-3, КГ-23-6, ТЛ-24-1 және ЭЭ-23-4 топтарының студенттері қатысты.

Ойын барысында қатысушылар командаларға бөлініп, бірізділікпен практикалық тапсырмаларды орындады. Шараның негізгі мақсаты — қаржылық сауаттылықты арттыру және экономикалық әрі қаржылық тұрақтылықтың ұлттық даму, орнықты өсім және қоғамның әлеуметтік әл-ауқатына қалай әсер ететінін түсіндіру болды.

Арнайы назар қаржылық шешімдер қабылдау мәдениетін дамытуға, сондай-ақ ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған тиімді стратегияларды үлгілеуге аударылды.

Ойын барысында қатысушылар мемлекет, бизнес және қоғам өкілдерінің рөлдерін орындап көрді. Оларға қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтай отырып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған шешімдер қабылдау міндеті жүктелді. Мұндай формат студенттерге экономикалық үрдістерге нақты басқарушылық міндеттер тұрғысынан қарауға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби құзыреттілігін арттырды.

Skip to content
Приемная комиссия