ALT Университетінде 2025 жылдың 7-қараша күні ҚазҰАЗУ-дің э.ғ..к., қауымдастырылған профессоры Куншигарова Ләззат Шауқарбайқызымен «Қаржылық сауаттылық: Өміріңнің инвесторы бол!»- деген тақырыпта қонақ дәріс өткізді. Дәріс барысында «Білім — байлықтың бастауы», қаржылық сауаттылықтың маңызы, гранттар мен субъсидиялар және «Қаржыны бақылау- табыстың кілті» екендігі білім алушыларға кеңінен түсіндірілді. Білім алушылар қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойып, талқыланды.


