Select Page

2025 жылдың 11 ақпан күні М.Тынышбаев атындағы ALT университетінде қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Мұқағали Мақатаевтың 94 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтті.

Бұл кеш ақынның бай мұрасын дәріптеу, оның шығармашылығымен жастарды тереңірек таныстыру және поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер айтылып, ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылды, жүрекке жылы тиер әндері шырқалды. Студенттер мен оқытушылар қауымы ақынның рухани әлеміне үңіліп, оның поэзиясындағы сыр мен мұңға, сағыныш пен махаббатқа, адамгершілік пен патриоттық сезімдерге толы шығармаларын терең түсінуге мүмкіндік алды.

Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы видеоролик көрсетілді. Онда ақынның шығармашылық жолы, әдебиетке қосқан үлесі, замандастарының оған берген бағасы баяндалды. Сонымен қатар, жас студенттер ақынның өлеңдерін ерекше тебіреніспен орындап, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Кештің тағы бір қызықты бөлімі – әдеби ойындар мен викториналар болды. Бұл бөлімде қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Белсенділік танытқан жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Бұл рухани кеш ақынның мәңгі өшпес мұрасын дәріптеумен қатар, студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, қазақ поэзиясының биік шыңына тағы бір қадам жақындатты. Мұқағали жырлары мәңгілік, оның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек!

Приемная комиссия