Select Page

2025 жылдың 19 ақпанында АҚ «М.Тынышпаев атындағы ALT университетінде» «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan компаниясындағы мансаптық мүмкіндіктер» тақырыбында қонақтық дәріс өтті. Іс-шараның спикерлері:

Ирина Тарасова – дамыту және оқыту тобының жетекшісі

Парпиева Алина – персоналды іріктеу жөніндегі маман

Рысбеков Ильяс – өндірістік оқыту жөніндегі тренер

Дәріс барысында студенттер Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMK) компаниясының қызметі туралы мағлұмат алды. Қонақтар жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, мансаптық өсу жолдары, оқу бағдарламалары және корпоративтік жеңілдіктер жайлы айтып берді.

Студенттердің ерекше қызығушылығын AMMK-ның Қазақстан техникалық университеттерімен белсенді ынтымақтастығы тудырды. Компания студенттерге тәжірибеден өту, тағылымдамадан өту және тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ, компанияда үздіксіз біліктілікті арттыру бағдарламасы іске асырылып, қызметкерлерге ыңғайлы жағдайлар жасалған: заманауи оқу сыныптары, демалыс аймақтары және спорт алаңдары.

Дәріс соңында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, студенттер автомобиль өнеркәсібінде мансаптық өсу және жұмысқа орналасу бойынша жеке кеңестер алды.

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan өкілдеріне қызықты кездесу үшін алғысымызды білдіреміз және болашақта ынтымақтастығымыз жалғасады деп сенеміз!

Приемная комиссия