Select Page

Университет қызметкерлері мен белсенді студенттерінің тату командасы студенттік өмірді алғашқы күндерден бастап жайлы әрі қызықты етеді! Біз 1-курс студенттері үшін » ALT UNIQUE ORIENTATION WEEK 2024″ ұйымдастырдық бұл ұмытылмас күндер барынша пайдалы ақпаратқа толы болды. Ісшара күндері студенттер университет басшылығымен танысты, оқу ғимараты мен студенттер үйлерінің барлық әдемі және креативті бұрыштарын көрді, оқу павильондарымен таныса бастады. Оқу орнының тарихы, дәстүрлері туралы көп ақпараттар айтылды. Студенттерге әрқашан өз мәселелерін шешуге көмектесетін барлық қызметкерлермен кездесулерде танысты. Студенттік жылдар қызықты болуы үшін Студенттік үкімет бос уақытты клубтар мен спорт секцияларымен өткізуді ұсынды. Ал бағдарлау апталығы қызу жүруде және қызықты оқиғаларға толы болады.

Приемная комиссия