22 ақпанда Логистика және көлік Академиясының студенттері Магистральдық желі дирекциясы – «ҚТЖ «ҰК» АҚ Экономика департаментінің бас менеджері Ләззат Таскенқызы Мұсабекованың қонақ дәрісінің арқасында теміржол көлігінің техникалық-экономикалық аспектілері әлеміне енуге бірегей мүмкіндік алды.
Дәріс аясында теміржол көлігі жұмысының тиімділігін анықтайтын негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер қарастырылды. Студенттер тиеу және өткізу қабілеті, энергия тиімділігі, жабдықтың қызмет ету мерзімі және т.б. сияқты көрсеткіштердің маңыздылығын білді.
Білім алушы аудитория талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойды, бұл оларға теміржол инфрақұрылымының жұмыс істеу ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Біз Мұсабекова Ләззат Таскенқызына студенттерімізбен бөліскен құнды білімі мен тәжірибесі үшін зор алғысымызды білдіреміз. Мұндай кездесулер кәсіби ойлауды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және болашақ мамандарға болашақ мамандықтарының мәнін жақсы түсінуге көмектеседі.
Қызықты және танымдық дәріс үшін рахмет!