2026 жылғы 2 сәуірде Сәулет-құрылыс инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Т.М. Дюсенгалиева білім алушыларға арналған арнайы мастер-класс өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету және студенттердің практикалық дағдыларын арттыру.
Мастер-класс барысында қатысушыларға ЖИ-дің білім берудегі мүмкіндіктері, атап айтқанда, уақытты үнемдеу және күрделі есептерді жеңілдету жолдары түсіндірілді. Практикалық бөлімде студенттер төмендегі бағыттар бойынша ЖИ құралдарымен жұмыс істеп үйренді:
-
Мәтіндік тапсырмаларды автоматты өңдеу және идеялар генерациялау;
-
Техникалық пәндер бойынша күрделі тақырыптарды жеңіл меңгеру;
-
Жол-құрылыс саласындағы ЖИ: автомобиль жолдарын жобалау, құрылыс материалдарын талдау және қозғалыс ағындарын болжау.
Іс-шара қорытындысында студенттер ЖИ-ді оқуда және болашақ кәсіби қызметінде қолдану бойынша нақты цифрлық құзыреттіліктерге ие болды.


