Select Page

2023 жылдың 21 желтоқсанында Логистика және көлік академиясының Тілдерді оқыту кафедрасында «Полиглот» лингвистикалық клубы аясында РЭТ-23-5 және КГ-23-2 мамандықтарының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Рождество» концерті өтті..

Іс-шараның мақсаты – ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде Рождество мерекесін тойлау дәстүрлеріне студенттердің қызығушылығын арттыру. Міндеттері: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін үйренуге ынталандыру. Шарада студенттер ән айтып, флешмоб биледі. Аудитория жаңа жылдық жылтырақтармен, гирляндалармен, рождестволық ашық хаттармен және плакаттармен безендірілді.

Бұл шараның ұйымдастырушылары – аға оқытушы Шинтаева Л.А және ассистент-оқытушы Сарсенбаева Ф.Г.

Приемная комиссия