2022 жылғы 5 желтоқсанда Тілдік дайындық кафедрасының ассоц. профессоры ф.ғ.к, Адилбаева У.Б. «Сөйлеу әрекетінің барлық түрлері үшін тілдерді білуді бағалау критерийлері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбы кафедраның 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Шеберлік сыныбының спикері Адилбаева У.Б. өз сөзінде білім беру мазмұнына сай білім алушылардың оқу жетістіктеріне негізделген критериалды бағалаудың маңыздылығы туралы айтты. Сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша білім алушылардың жетістігін бағалау шкаласын көрсетіп, оны жалпы еуропалық стандарттармен салыстырып, компьютерде және қағаз жүзінде тілдік пәндерді меңгеру деңгейін анықтау мүмкіндігіне тоқталды.