Select Page

2025  жылдың 10 сәуірінде ОДМ (Орнықты Даму мақсаттары) 16: Бейбітшілік және әділетті институттар  аясында «Story Circles әдісі арқылы мәдениетаралық дағдыларын жетілдіру» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға СПГЗС-24-5 р, АЗС-24-5 р, СЖД-24-2 р және СНС-24-2 р топтарының 1 курс студенттері мен кафедрапрофессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен өтті.

Қысқаша: Өзгеріске тез ұшырайтын, динамикалық мәдени  алуантүрліліктің өсуі қоғамды жаға дағдылар мен білімдерді игеруін қажет етеді.

Осыған орай, «Story Circles» әдісі әртүрлі ортадағы адамдарға бір-бірінен үйрену және мәдени ұқсастықтар мен айырмашылықтарды зерттеу үшін бас қосуға мүмкіндік береді.Белгілі бір мәдени контексте орналасқан өмірлік тәжірибе алмасу арқылы қатысушылар өздері туралы, сондай-ақ басқа адамдар туралы көбірек білуге  және осы әдіс арқылы қатысушылар мәдениетаралық дағдылардың негізгі элементтерін, соның ішінде өзін-өзі тануды, ашық болуды, құрметтеу, рефлексия, даралық дағдылары, эмпатия, басқалар туралы хабардар болу және кішіпейілділік сияқты дағдыларды дамытады.

«Story Circles» әдісінің негізгі міндеттері:

  • Басқаларға құрмет көрсету.
  • Түсіну үшін тыңдауды жаттықтыру
  • Басқалармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білуге құштарлығын дамыту.
  • Мәдени хабардарлықты арттыру.
  • Эмпатияны дамыту.
  • Өзіңіздің мәдениетаралық дағдыларыңызды дамытуға, сондай-ақ мәдениетаралық тәжірибеңізге сыни тұрғыдан ойлану.

Басқа мәдениеттермен қарым-қатынасты дамыту.

Skip to content
Приемная комиссия