Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.
2024 жылдың 15 қазанында Алмалы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы Бейсенова Зарина Нұрбайқызы 1 курс студенттерімен профилактикалық кеңес өткізді. Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары, олардың құқықтары мен міндеттері таныстырылды. Сондай-ақ ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді. Ұлтаралық қақтығыстардың себептері басқа ұлт өкілдерін сыйламаушылық, сондай-ақ басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін сыйламау болып табылады. Ұлттар арасындағы толеранттылық пен теңдік, әр адамның даралығы тақырыптары көтерілді.