Select Page

М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінде Freedom Telecom оқу орталығының менторы Ақыш Ануар «Кабель жоқ жерде де жұмыс істейтін сымсыз интернет: FWA принциптері» тақырыбында жеңіл әрі түсінікті дәріс өткізді. Студенттер бұл технологияның оптика тарту мүмкін емес аймақтарға да интернет жеткізе алатынын білді.

Қарапайым түсінікпен FWA деген не?

Ануар мырза FWA-ны өте қарапайым тілмен түсіндірді: бұл – интернетті радиосигнал арқылы беру тәсілі. Кабельсіз, тез орнатылады және жақсы жылдамдық береді. Оператордың мұнарасы сигнал жібереді, ал клиенттің шағын құрылғысы оны қабылдап, үйге тұрақты интернет таратады. Осы қарапайым орнату тәсілі арқасында FWA қала маңында, жеке үйлерде, өндірісте және кабель жүргізу қиын аймақтарда кең қолданылады.

Дәрістің соңында ментор шағын викторина ұйымдастырды. Дұрыс жауап бергендерге шоколадтар таратылды. Ал екі күрделі сұрақты шешкендер Freedom Telecom-ның брендтік сыйлықтарына ие болды — кружка мен сөмке.

Студенттер дәрістің жеңіл, қызықты және пайдалы өткенін атап өтті. Ақыш Ануар FWA технологиясының маңызын және оның ең алыс аймақтардағы интернет мәселесін қалай шешетінін қарапайым тілмен көрсетті.

Skip to content
Приемная комиссия