2025 жылдың 25 сәуірінде «Энергетика» кафедрасында «Техникалық жоғары оқу орындарында арнайы пәндер бойынша оқытудың инновациялық әдістері: теориядан практикаға дейін» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар спикерлері: PhD, ассистент-профессор Қалиев Ж.Ж. және ассистент-оқытушы Уалиева Ж.Т.
Семинар аясында студенттерді оқытудың заманауи тәсілдері қарастырылып, IT-Энергетика білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Автоматты басқару жүйелері» пәнін оқу барысында SimInTech платформасын қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
Семинарда студенттердің модельдеу, оңтайландыру және цифрлық жобалау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ объектілер мен автоматты басқару жүйелерінің (АБЖ) модельдерін әзірлеу, кешенді оңтайландыру және бағдарламалық кодты генерациялау, күрделі техникалық жүйелердің кешенді модельдерін құрудың практикалық мысалдары мәселелер қарастырылды.
Семинар оқытушылар арасында білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу, ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, сондай-ақ электроэнергетика және автоматтандыру салаларында мамандар даярлау сапасын арттыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға ықпал етті.
Семинарға белсенді қатысып, қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!