Select Page

Практика, кәсіби диалог және заманауи тәсілдер — Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университеті базасында біліктілікті арттыру курстары дәл осындай форматта өтті. Оқу барысы «Теңізшевройл» компаниясының басшылары мен жетекші мамандарына арналды.

Қатысушылар теміржол саласының жұмыс істеу қағидалары туралы жүйелі түсінік алып, жылжымалы құрамды пайдалану және қызмет көрсету негіздерін меңгерді. Курсты «Жылжымалы құрам» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нұрбек Рахимджанович Джакупов жүргізді. Сабақ барысында инженерлік ойлауды дамытуға және көлік жүйесінің жұмысын кешенді түсінуге ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шараның ТДМ (ЦУР) аясындағы маңызы:

  • ТДМ 4 (Сапалы білім беру): Персоналдың кәсіби дамуы және «адами капиталға» инвестиция салу.

  • ТДМ 17 (Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік): «Теңізшевройл» мен университет арасындағы институционалдық әріптестікті нығайту.

Skip to content
Приемная комиссия