2026 жылдың 7 сәуірінде ALT Университетінде №17 Тұрақты даму мақсаты — «Тұрақты даму үшін серіктестік» тақырыбында практикалық сабақ өтті. Сабақты қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Ұ.Б. Әділбаева жүргізді. Шараның негізгі мақсаты — тұрақты дамуға қол жеткізудегі халықаралық ынтымақтастықтың шешуші рөлін көрсету болды.
Сабақ барысында ағылшын тілі логистика және көлік саласындағы жаһандық өзара әрекеттесудің негізгі құралы ретінде қарастырылды. Студенттер ағылшын тілін меңгеру халықаралық серіктестіктерді нығайтуға және ТДМ-ға қол жеткізуге тікелей ықпал ететінін атап өтті. Осылайша, тіл тек оқу пәні емес, кәсіби коммуникацияның маңызды элементі ретінде танылды.
Ерекше назар халықаралық сауда мен экологиялық бастамаларға қатысты практикалық тапсырмаларға аударылды. Студенттер жобаларды талдап, әділ сауда (Fair Trade) қағидаттарын талқылап, халықаралық келісімдерді модельдеді. Сабақ студенттердің тілдік дағдыларын ғана емес, сонымен қатар олардың жаһандық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік берді.


