18.04.2025 ж. «ТС» кафедрасының профессоры Хасенов С.С. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы ұйымдастырған Президиумның Кеңейтілген отырысына қатысты. Отырыс Satbayev University-де өтті. Іс-шара бағдарламасында: отандық және шетелдік зерттеушілер мен серіктестер жасаған инновациялық жобалардың көрмелері, озық ғылыми әзірлемелер мен технологиялық шешімдердің презентациялары қамтылды.
Мұндай іс-шараларға қатысу кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы арасында жаңалықтармен бөлісуге және оларды ғылыми және оқу процестеріне енгізуге мүмкіндік береді.