Select Page

ALT университетінде «Тұрақты даму және ESG-дің экологиялық аспектілері» атты жаңа пәнді оқу бағдарламасына енгізуге арналған семинар өтті. Семинарды «Автомобиль көлігі және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ербол Ануарбекұлы Дюсембин өткізді.

Семинар барысында профессор Дюсембин курсты әзірлеудің әдістемелік тәсілдерін ұсынып, пән модульдерінің құрылымын таныстырды және техникалық мамандықтар студенттері үшін ESG құзыреттерінің маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар семинардың мазмұнды әрі пайдалы болғанын атап өтті және бұл пәнді университеттің оқу бағдарламасына енгізу қажеттілігін бірауыздан қолдады.

Аталған семинар студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттырып, тұрақты даму идеологиясын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Skip to content
Приемная комиссия