Select Page

«Энергетика» кафедрасы қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері М.Тынышбаевтың 145 жылдығына орай 15 сәуір  мен 19 сәуір аралығында «TYNYSHPAEV’S WEEK» апталығын өткізді. Бір апта бойы кафедраның оқытушылары мен студенттері ұйымдастырған келесідей іс-шаралар жүргізілді:

15 сәуір күні кафедраның ассистент-оқытушысы Сейтбек Е. кураторлық топтарымен «Танымы биік тау тұлға» атты ашық кураторлық сағат ұйымдастырды. Сабақ  интеллектуалды ойын форматында өтті. М.Тынышбаевтың өмір жолы мен қоғамдағы ойып алар орны дәріптелді.

16 сәуір күні “Алматы – біздің ортақ үйіміз” науқаны аясында кафедраның сениор-лекторы Қалымбетов Ғ.П., ассистент-профессор Калиев Ж.Ж. өз кураторлық топ студенттерімен М.Тынышпаев атындағы көше мен саябағына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Әсем қаламыздың тазалығын  бір күндік емес, өмірлік дағдыға айналдыру керектігін көкіректеріне түйген білімгерлердің жүзінен қалаға деген сүйіспеншілігі көрінді. «Алматы көркейе бер» деген ұранмен, ауа райының қолайсыздығына қарамастан жақсы көңіл күйде тазалық жүргізілді.

17 сәуір күні  кафедраның сениор-лекторлары Калимбетов Г.П., Койшибаева К.Ж. өз топтарымен ҚР орталық теміржолшылар мұражайына барды.  Тұңғыш инженер М.Тынышбаевтың өмір жолы,  еңбектері  және Қазақстан темір жолы тарихымен танысты. Құнды жәдігерлерді көзбен көріп үлкен әсер алғаны байқалды.

18 сәуір күні кафедраның құрамдастырылған профессоры Онгар Б., ассистент-оқытушылары Уалиева Ж.Т., Сейтбек Е.Е. ұйымдастыруымен “Электротехниканың теориялық негіздері” пәнінен 2 курс білімгерлерінің арасында студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға жалпы 38 студент қатысып, 3 жүлделі орындар берілді.

19 сәуір күні кафедраның аға кураторы Уалиева Ж.Т. ұйымдастыруымен «Тынышбаев салған дара жол» атты сурет көрмесі өткізілді. Сурет көрмесіне 1-3 курс студенттері белсене ат салысты. Тәуелсіз сарапшылар тағайындалып, ең үздік суреттер анықталды.

Сонымен қатар, апталықтың қорытынды кеші өткізілді. Кеште апталықтың барлық жұмыстары қорытындыланып, белсене ат салысқан студенттер мен оқытушылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

«TYNYSHPAEV’S WEEK» апталығы бойынша өткізілген әрбір іс-шараға Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменінің өкілдері қатысты. Қорытынды кеште ТӘЖД директоры Турлыбекова А.С. мен бас маманы Ахатай Ы., директордың орынбасарлары  Нұрланбек А.Д. и  Найман Д., және ойларымен бөлісіп, ұйымдастрылған тематикалық апталықтың өте жақсы өткізілгеніне алғыстарын білдірд.

Приемная комиссия