Select Page

IT-ЭЭ-24 мамандығының 2-курс студенттерімен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Бұл сапар студенттердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, тарихи мұралармен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Экскурсия барысында студенттер халқымыздың бай рухани құндылықтары, музыкалық өнері мен мәдениеті туралы тың мәліметтер алды. Ұлттық аспаптардың шығу тарихы мен жасалу жолдары білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Осындай іс-шаралар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға және тұлғалық дамуына үлкен әсер етеді.

Білім мен мәдениет – болашақтың негізі

Куратор-эдвайзер: Тасыбаева Н.Қ.

Skip to content
Приемная комиссия