Select Page

19 желтоқсан күні университетіміз нағыз сиқыр мен құпияға толы бал-маскарад кешіне айналды.

“Winter’s Hidden Faces” — бұл жай ғана кеш емес, бұл өнер, интрига және ерекше эмоциялар тоғысқан ұмытылмас атмосфера болды. Кештің басты тосынсыйы — құпия қонақ SANZHAR-дың келуі.

Кеш барысында Студенттік клубтың белсенді мүшелері өз өнерлерін паш етіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоциялар тарту етті.

Фотобудкада әрбір сәт естелікке айналып, ал түрлі ойындар кештің көңілді ырғағын арттыра түсті.

Іс-шара соңында бал-маскарадтың сәні мен талғамын айшықтаған студенттер «Ең үздік образ» және «Ең үздік жұптық образ» номинациялары бойынша марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Winter’s Hidden Faces — студенттер жүрегінде сиқырлы атмосферасы, әсем образдары мен жарқын әсерлері арқылы ұзақ уақыт сақталатын ерекше кеш болып есте қалды.

Skip to content
Приемная комиссия