Select Page

19 қараша күні ALT университетінде “Заң мен тәртіп” акциясы шеңберінде Алмалы ауданы Полиция департаменті қызметкерлерімен “Буллинг мәселесі және студенттердің құқықтық қорғалуы” тақырыбында кездесу өтті.

Бұл жиын жас буын үшін ерекше маңызды болды. Кездесу барысында буллингтің қоғамға, әсіресе жастарға тигізетін зардабы, оның алдын алу жолдары және студенттердің құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері жан-жақты талқыланды. Полиция қызметкерлері нақты мысалдар келтіре отырып, заң шеңберінде өзін қорғаудың дұрыс жолдарын түсіндірді.

Студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өз ойларымен еркін бөлісті. Әр пікір тыңдалып, әр сұраққа кәсіби түрде жауап берілді.

Skip to content
Приемная комиссия