ПИ-25-1к, ПИ-25-2к, ПИ-25-3к топтарының студенттерімен бірге Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған «Сыған серенадасы» спектаклін тамашаладық.
Бұл қойылым махаббат, еркіндік және адам тағдырының күрделілігі секілді маңызды тақырыптарды терең әрі әсерлі түрде ашып көрсетті. Әрбір кейіпкердің ішкі толғанысы мен өмірлік таңдаулары шынайы бейнеленіп, көрерменге ерекше ой салды. Спектакльдің музыкалық сүйемелдеуі мен сахналық безендірілуі оқиға желісін толықтырып, жоғары деңгейде өтті. Актерлердің кәсіби шеберлігі болашақ мамандардың театр өнеріне деген қызығушылығын арттырды.
Бұл мәдени іс-шара студенттердің рухани дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына және ұлттық өнерді тереңірек түсінуіне зор ықпал етті.


