Select Page

ALT университеті жыл сайын дамып, жаңарып келеді: оқу базасы жетілдіріледі, инфрақұрылым кеңейеді және теорияны жандандырып, оны нақты практикаға айналдыратын заманауи зертханалар саны артып келеді.

Біздің жаңа «Түйіспелі тораптар және электр беріліс желілері» зертханасы — «Энергетика» кафедрасының маңызды оқу базаларының бірі, және біз бұл жобаға ерекше мақтанамыз. Зертхана «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — «Магистральдық желілер дирекциясының» Электрлендіру және энергетика департаментінің қолдауымен жасақталды.

Біз студенттерге өндірістік жағдайларға барынша жақын орта ұсынып, ALT түлектерінің өз мамандықтарына сенімді, даяр және практикалық міндеттерді орындауға қабілетті болып шығуын қамтамасыз етеміз.

Зертхана заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, оның ішінде:

  • жоғары жылдамдықтағы учаскелерге арналған КС-160 түйіспелі асылғы;
  • соңғы модельдегі жоғары жылдамдықты токқабылдағыш;
  • түйіспелі тораптың барлық элементтері толық әрі нақты көрсетілген көрсетілім стенді;
  • қатты көлденең тіреуіші бар секциялық түйіспелі асылғы;
  • қашықтан басқарылатын электр жетегі бар ажыратқыштың моторлы жетегі.

Бұл жерде студенттер тек сызбаларды ғана оқымайды — түйіспелі тораптың нақты жұмысын көріп, әр элементтің құрылымын түсініп, жабдықтың жұмыс режиміндегі қасиеттерін бақылайды.

Энергетиканың болашағының бір бөлігі болғың келе ме?

ALT-ты таңда — мұнда энергияны басқаруды меңгеретін инженерлер дайындалады!

Skip to content
Приемная комиссия