2024 жылғы 23-24 мамырда «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ-да жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс аясында түрлі кәсіпорындардың өкілдері түлектермен жеке танысуға, әңгімелесулер өткізуге және жұмысқа орналасуға үміткерлерді таңдауға мүмкіндік алды. Отырысқа қатысушылар арасында «ҚТЖ «ҰК» АҚ, «Вагонсервис» АҚ, «Шыңғартранс» ЖШС, «integra Construction KZ» ЖШС – «Оңтүстік дирекция», Air Energi Caspian (airswift бренді), Wabtec Corporation, «DTJ» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты»ЖШС, «Қазпошта» АҚ, Arena S ЖШС, «IFC COLOS» ЖШС, «UBM Group» ЖШС, «Асстра Алматы» ЖШС, «Амперел» ЖШС, «tl NIKA GROUP» ЖШС, «Метрополитен» ШЖҚ МКК, «Ақбастау «БК» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты»АҚ, «ИнтерСервис» ЖШС, «Алматыэлектротранс» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ және басқалар.
Комиссия отырысы ақпарат алмасу және перспективалы жас мамандарды іздеу үшін тиімді алаңға айналды. Түлектер өздерінің түйіндемелерін ұсына алды, өз дағдыларын көрсетті және одан әрі кәсіби даму бойынша құнды кеңестер алды. Жұмыс берушілер өз кезегінде олардың талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін ең жақсы үміткерлерді таңдай алды.