Логистика және көлік Академиясының тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры А. С. Турлыбекова, Студенттік Үкіметтің президенті М. Бисенов, Студенттік Үкіметтің вице-президенті Б. Ғаділбеков және студенттік омбудсмен И. Марупжанов 2024 жылдың 1-2 наурызында Павлодар қаласында “Жастар қуаты-табысты келешекке бір қадам” тақырыбында студенттік жастармен халықаралық семинар-кеңес өткізілді оның ұйымдастырушысы Торайғыров университеті болды. Студенттік форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен белсенді студенттер жиналды.
Форум бағдарламасы 2 қатысудан тұрды, бірінші күн пленарлық отырыстарға, университет бойынша экскурсияға, этноауылмен танысуға арналды. Отырыста шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының “Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті- Өңіраралық инновациялық орталық туралы” (Германия), “Welcomе Office” және танысу апталары шетелдік студенттердің бейімделуінің негізі ретінде” (Чехия), “Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге шығатын студенттердің психикалық денсаулығы” (Әзірбайжан), “Павлодар облыстық студенттік омбудсменінің жұмысы туралы” (Павлодар) тақырыптарындағы баяндамалары айтылды. Пленарлық отырыстың жалғасы студенттік активпен кездесу болды, онда “Студенттік іс-шараларға арналған демеушілермен жұмыс туралы”, “Абайдың “Толық адам” тұжырымдамасы туралы”,”ЖОО-ның өзін-өзі басқаруындағы студенттік омбудсмен институтын енгізу және дамыту” баяндамалары қаралды. Ашық алаң болашаққа жоспар құруға және жан-жақты пікірталастар жүргізуге мүмкіндік берді. Екінші күні форумға қатысушылар мен қонақтарды қаламен таныстырды, сондай-ақ ұйымдастырушылар Павлодар облысы Баянауыл ауданына Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық кешеніне көшпелі экскурсия өткізді.
Форумға қатысушылар осындай кездесулерде үлкен тәжірибе алып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім министрлігінің бастамасын қолдады.