Select Page

2026 жылғы 2 сәуірде «Language Education» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Г.А. Каламбаева және Г.К. Есжанова университеттің Тұрақты даму мақсаттары аясында (15-мақсат: Құрлық экожүйелерін сақтау) бірінші курс студенттеріне арналған тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында білім алушылар Алматы қаласының негізгі экологиялық мәселелерімен танысты. Оның ішінде ауаның ластануы, су ресурстарының тапшылығы, қатты тұрмыстық қалдықтар дағдарысы және жасыл аймақтардың қысқаруы қарастырылды. Бұл мәселелердің өзара байланысына және оларды пәнаралық тәсіл арқылы кешенді шешудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында студенттер экологиялық мәселелердің себептерін талдап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Бұл іс-шара жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып, қоршаған ортаны қорғаудағы жеке жауапкершілік сезімін күшейтті.

Skip to content
Приемная комиссия