2024 жылғы 26 қыркүйекте М. С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЮУ Университетінің базасында гибридті форматта жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша «Жоғары білімнің болашағын айқындайтын қағидаттар мен технологиялар» атты VII Еуразиялық форум өтті.
Ұйымдастырушы: ҚР ҒжЖБМ қолдауымен Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA)
Форумда келесі тақырыптар бойынша панельдік баяндамалар мен пікірталастар анықталды:
- Академиялық адалдық және этика
- Оқыту мен бағалаудағы цифрландыру технологиялары
- Оқу процесі мен ғылымдағы жасанды интеллект технологиялары
Форумға онлайн режимде «Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ Президент – Ректоры, Проректорлар, Директорлар және құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кафедра меңгерушілері қатысты.