2024 жылдың 10 сәуірінде Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар және халықаралық ынтымақтастық департаменты 4 курс студенттерімен магистр дәрежесін алу мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында кездесу ұйымдастырды. Кездесуде магистратурада оқудың маңыздылығы мен артықшылықтары, қабылдау талаптары, құжаттарды қабылдау процесі туралы жалпы ақпарат берілді. Бұл шара студенттерге академиялық ортадағы болашақ қадамдарын анықтауға көмектеседі деп үміттенеміз.
Кездесу барысында халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Жанна Алматовна Бейсахметова студенттерді Академияның шетелдік серіктес университеттерімен таныстырып, магистратурада оқу барысында қай елдерде тағылымдамадан өтуге болатыны туралы ақпарат берді. Бұл студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, академиялық және кәсіби мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді. Болашақ магистранттарды қызықтыратын мәселелер де талқыланды, бұл олардың оқудың келесі кезеңіне жақсы дайындалуына ықпал етеді.