НАЗАР аударыңыз! НАЗАР аударыңыз! НАЗАР аударыңыз!
Өтініштерді қабылдау жалғасуда!
2021 жылғы «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» жыл сайынғы марапат
Конкурс
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 – бабына сәйкес ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғылыми ұйымдардың және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдарын, ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) 2021 жылғы 15 қарашада жыл сайынғы «үздік ғылыми қызметкер»сыйлығын алуға 2021 жылғы конкурс жариялады.
Осыған байланысты Министрлік алғаш рет еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық беретін болады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (5 834 000 теңге) құрайды.
Конкурсқа қатысуға өтініштер Министрліктің ақпараттық жүйесі universitycontest.iac.kz арқылы электрондық форматта конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Сыйлық алуға үміткердің ғылыми жетістіктері мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады:
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген ғылыми атағының болуы;
- ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
- ғылыми нәтижелердің болуы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізу және т. б.);
- соңғы жылы университетте кем дегенде бір пәнді немесе бірнеше пәнді оқыту;
- соңғы 3 жылда философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлау;
- өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
- тиісті құқықтық құжаттармен (комиссиялар, жұмыс топтары, сараптама топтары, жобалау офистері) расталған ғылымды дамыту және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу.
Толығырақ ақпарат:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/285578?lang=ru
Жауапты тұлға – Жексембаева Айжан Шайхановна, телефон 8 (7172) 74-20-29
КОНКУРС ЖАЛҒАСУДА! КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Ғылым департаменті