Бизнес-инкубатор

Бизнес-инкубатор директоры
Марс Ренат
Email: r.mars@alt.edu.kz
Кабинет: O206
«ALT» Бизнес-инкубаторы — Миссиясы мен мақсаты
«ALT» Бизнес-инкубаторы студенттерге идеядан бастап оны нақты нарық жағдайында іске асыруға дейінгі жолды өтуге мүмкіндік беретін орта ретінде құрылды. Оның қызметі технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға, ғылыми бағыттарды және жастардың инженерлік шығармашылығын қолдауға, сондай-ақ инновацияларды жасау және енгізуге қатысу арқылы болашақ мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Инкубатор академия студенттері мен жас мамандардың қатысуымен шағын жоғары технологиялық кәсіпорындардың құрылуына ықпал етеді.
Бизнес-инкубатордың стратегиялық міндеттері
- Студенттерді, магистранттар мен PhD докторанттарды инновациялық және жобалық қызметке тартуға жағдай жасау.
- Командаларды прототиптер, жұмыс үлгілері, эксперименттік жабдықтар және жобаны көрсетуге арналған басқа да дәлелді материалдарды әзірлеуде қолдау көрсету.
- Ғылыми ұйымдардан, өнеркәсіптік кәсіпорындардан, бизнес құрылымдардан және мемлекеттік қорлардан инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу.
- Жобаларды конкурстарға, көрмелерге, акселераторларға және ғылым мен инновацияларға бағытталған басқа іс-шараларға қатыстыру.
- Коммерцияландыру әлеуеті бар және одан әрі дамуы мүмкін перспективалық жобалар каталогын қалыптастыру.
- Ғылыми-техникалық және инженерлік секторда қызмет жүргізуге қабілетті жас кәсіпкерлерді даярлау.
- Командаларды өсу кезеңдерінің барлығында қолдау көрсету — стартаптан нарыққа шығуға дейін.
Негізгі қызмет бағыттары
- Студенттердің ғылыми-техникалық әзірлемелерін инкубаторға орналастыру үшін конкурсқа шығару.
- Білім беру және консультациялық қызметтердің кешені: ҚР заңнамасы мен халықаралық құқық, бизнесті бастау, патенттік және авторлық қорғау, салық салу, инвестициялар, қаржылық сауаттылық және стартапты басқару. Оқыту курсын аяқтаған қатысушылар сертификат алады.
- Студенттер мен магистранттарды ғылыми-техникалық кәсіпорындарда, соның ішінде шетелдік алаңдарда тағылымдамадан өткізу.
- Бизнес, мемлекет және халықаралық сарапшылар қатысатын конференциялар, семинарлар, көрмелер және іскерлік іс-шаралар өткізу.
- Технологиялық кәсіпкерлікті қолдау қорларын қалыптастыруға жәрдемдесу.
- Студенттік зерттеулер, R&D жобалары және инновациялық шешімдерді енгізуге инвесторларды тартуға қатысу.
- Инкубатор қатысушылары әзірлеген жобалар мен өнімдердің тәуелсіз сараптамасын ұйымдастыру.
- Жобалық командалар үшін нарықтық, экономикалық және аналитикалық шолулар дайындау.
- Инкубатордағы жобаларды маркетингтік қолдау — нарықты талдаудан бастап насихаттауға дейін.
- Инкубатор түлектерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмдерін әзірлеу, олар табысты бизнес-жобаларды іске қосқан жағдайда.
Стартаптар үшін ақпарат
Студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар өздерінің бизнес идеяларымен және стартап жобаларымен келісідей конкурстарға қатыса алады:
- «Atamekenstart-up» республикалық бизнес-идеялар байқауы (300 мың теңгеге дейін); https://atameken.kz
- «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 2-ден 5 млн.теңгеге дейінгі сомаға грант алуға конкурс; https://atameken.kz
- «Triple Helix KZ» жастардың инновациялық кәсіпкерлік орталығы» жобасы (IT саласында); http://kasipker.info
- Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Өз бизнесіңді құр» байқауы (50 мың долларға дейін); https://entrepreneur.saby.kz
- KAZENERGY қауымдастығының инновациялық идеялар байқауы, (Student Energy Challenge – Junior); https://www.kazenergy.com
- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ҰАТД» АҚ) ұйымдастырған «Инновациялар жылдам және ашулы» (7,5 млн. дейін); https://forsageforum.kz
- «Әлеуметтік кәсіпкерлік» конкурсы (1 млн. теңгеге дейін); https://fund.nu.edu.kz
- Шығармашылық жобаларға гранттардың жыл сайынғы республикалық конкурсы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры; https://fnn.kz
- Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры; https://fnn.kz
- Стартап жобалар байқауы, Astana Hub; https://astanahub.com
- Үздік студенттік стартап жобалар байқауы, Enactus Kazakhstan; https://enactus.kz
- Global Startup Awards халықаралық байқауы; https://www.startup-energy-transition.com.


