«Энергия үнемдеу және білім тарату» Оқу орталығы
Құрметті әріптестер!
Академияда 2013 жылдан бастап энергия үнемдеу және білімді тарату Оқу орталығы (ООО) жұмыс істейді, ол индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен аккредиттелген (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы № KZ15UWH00000067 куәлігі). Орталықта оқыту Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 404 бұйрығымен бекітілген үлгі бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі.
Оқыту ҚР ИЖТМ сайтындағы ҚР ИЖТМ және БҒМ әзірлеген Типтік бағдарламаларына қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын, энергия тиімділігін жетілдіру, сондай-ақ энергия менеджмент жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыруды жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру бойынша Типтік бағдарламалар
Оқу бағдарламасы – Энергоаудит
Оқу жоспары – Энергоменеджмент
Оқу бағдарламасы – Энергоменеджмент
72 сағат (2 апта) кадрлардың біліктілігін жетілдіру курсының және 120 сағат (1 ай) кадрларды қайта даярлау құны және өткізу кестесі топтарды жасақтау – толымдылығына байланысты қалыптастырылады.
1) 1-ден 5-тыңдаушы;
2) 6-дан 10 тыңдаушы;
3) 11-ден 20 тыңдаушы.
Оқу аяқталғаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
Оқытуды академияның жоғары білікті қызметкерлері (ғылым докторлары мен кандидаттары), сондай-ақ тиісті сертификаты бар алыс және жақын шетелден шақырылған мамандар жүргізеді.
Біліктілігін жетілдіруге (72 сағат) энергия аудиті бағыты бойынша техникалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік деңгейден төмен емес білімі бар, энергия аудитін және энергетикалық сараптама саласында жұмыс істейтін жеке тұлғалар жіберіледі.
Қайта даярлау (120 сағат) және біліктілікті жетілдіру (72 сағат) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жетілдіру бағыты бойынша энергетика және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік деңгейден төмен емес білімі бар жеке тұлғалар жіберіледі.
Сіздерді және Сіздердің қызметкерлерді энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын, энергия тиімділігін жетілдіру бойынша оқуға және қайта даярлау немесе біліктілігін жетілдіруден өткені туралы белгіленген үлгідегі сертификатты алуға шақырамыз.
Бұдан басқа, «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ профессор-оқытушылар құрамы үшін “Энергия аудиті”, “Энергетикалық сараптама” және “Энергия менеджменті” бағыттары бойынша 36 сағат (5 күн) және 18 сағат (3 күн) біліктілікті жетілдіру курстарын өткізеді.
Бізбен хабарласуға болады:
Энергия үнемдеу және білімді тарату» оқу орталығы
Директор: Калиев Жаныбек Жанатулы
Моб тел .: +7-707-485-89-34, +7-777-669-60-03
Біліктілікті арттыру бөлімі
050012, Алматы қ. Шевченко, 97, 2214 кабинет
Тел. +7 707 333 1931, +7 707 322 2363
электрондық пошта: a.khamitova@alt.edu.kz