Select Page

Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы – бұл оқу үдерісіне қатысты қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша жедел әрі сапалы көрсетуге бағытталған орталық. Орталық оқу үдерісіне қолдау көрсету, жатақханаға орналастыру, әскери есепке тұру, оқу орнынан анықтама мен транскрипт беру, академиялық ұтқырлық бойынша кеңес беру және басқа да қызметтерді ұсынады.

Мақсаты – университеттің сервистік қызметтерін оңтайландыру және білім алушыларға барлық қажетті ақпаратты бір жерден алу мүмкіндігін жасау.

Орталықтың негізгі міндеті – тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз ету және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өзара үйлесімді жұмысын ұйымдастыру.

Skip to content
Приемная комиссия