Coursera
Coursera — бұл 2012 жылы құрылған, бүгінде әлемнің 179-дан астам елінен 175 миллионнан аса білім алушыны біріктіретін жаһандық онлайн-білім беру платформасы. Ол жетекші әлемдік университеттер мен ірі компаниялар әзірлеген мыңдаған курстарды, мамандану бағдарламаларын, кәсіби сертификаттарды және тіпті онлайн-дипломдарды ұсынады. Платформа түрлі елдердің студенттеріне онлайн оқуға, курстастарымен байланысуға, тесттер мен емтихандар тапсыруға мүмкіндік береді.
Курстарды дүниежүзі бойынша жетекші мамандар әзірлейді және жүргізеді. Coursera 100 миллионнан астам студентті біріктіріп, әлемдік жұмыс берушілер мойындайтын сапалы білім мен жеке және кәсіби дамуға қажетті жаңа дағдыларды алуға жағдай жасайды.
| 2024 жыл 1900 лицензия 7196 студент 21 588 сертификат |
2025 жыл, I жартыжылдық 1900 лицензия 9348 студент 28 044 сертификат |
Оқушылар арасында ең танымал курстар:
- Барлық адамдарға арналған Жасанды интеллект (DeepLearning.AI);
- Әрбір адамға арналған генеративті жасанды интеллект (DeepLearning.AI);
- Жеткізу тізбегінің логистикасы (Rutgers the State University of New Jersey);
- 21 ғасырдағы жұмыс орнындағы қарым-қатынас (University of California, Irvine);
- Келіссөз жүргізу өнері (University of California, Irvine);
- Инженерлерге арналған математика мамандануы (The Hong Kong University of Science and Technology).
Байланыс ақпараты
Адаева Ульяна Рамильевна
Академиялық саясат және сапа департаментінің жоғары санатты әдіскері
Телефон: 8 700 246 60 25
E-mail: u.adaeva@alt.edu.kz


