2025 жылғы 21 қазан күні, сағат 14:00-де, Б корпусының 307-аудиториясында «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының кеңейтілген отырысы өткізіледі. Отырыс барысында 6D070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығының докторанты Калабаева Айдан Ерғалиевнаның PhD докторлық диссертациясы алдын ала талқыланады.
Диссертация тақырыбы: «Өнеркәсіптік нысандардың қолданбалы сәйкестендіру әдісін олардың үдемелі сипаттамалары бойынша әзірлеу».
Отандағы ғылыми кеңесші: PhD Қашаганова Г.Б.
Шетелдік ғылыми кеңесші: т.ғ.д., профессор Вальдемар Вуйцик (Люблин политехникалық университеті, Польша).
Рецензенттер: PhD Тойгожинова А.Ж., PhD Калиев Ж.Ж.


