2026 жылы 5 мамырда сағат 10.00 — де Алматы қ., Жандосов к-сі, 53 мекенжайы бойынша орналасқан Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында «М. Тынышпаев атындағы Alt Университеті» АҚ әскери іс институтының студенттерін әскери антқа апарудың салтанатты рәсімі өтеді.
Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, Қарулы Күштер ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысады. Бағдарламада салтанатты рәсім, митинг, көрме қойылымдары, мерекелік концерт өткізу көзделген.


