Select Page

Күндізгі оқу нысанының 1-2 курс студенттеріне, соттылығы жоқ және запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламасы бойынша оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысқысы келетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына Алматы қаласы, Шевченко көшесі, №97 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Логистика және көлік Академиясы» АҚ Әскери істер институтқа келіп өтініш беруге болады.

  1. 2023 жылдың 1 ақпан айынан бастап өтініш қабылданады.

Міндетті құжаттар:

– тіркеу куәлігі (көшірме және түпнұсқасы) – қыздар үшін қажет емес;
– жеке куәлігі (көшірме және түпнұсқасы);
– сотталмағандығы туралы анықтама;
– фотосурет 3х4 – 2 дана;
– скоросшиватель – 1 дана;
– файл – 2 дана.

  1. 2023 жылғы 7 ақпаннан 20 тамызға дейін аудандық қорғаныс істер жөніндегі басқармаларда тіркелген тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық тексеруден өту.

Белгілі себептермен құжаттарды тапсыру үшін Әскери істер институтқа келуге мүмкіндігі жоқ студенттер үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өзінің атын, тегін, әкесінің атын (болған жағдайда), ЖОО атауын, оқу курсын, факультетін, электрондық поштасын және телефон нөмерін көрсете отырып, кафедраның электрондық поштасына сұрау салу қажет.

  1. Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту және студенттердің физикалық дайындығын тексеру Әскери істер институтта жүргізіледі. Кәсіби-психологиялық тестілеу және дене шынықтыру даярлығын өткізу мерзімі Instagram: ______________   желіде жарияланады.
  2. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер кестедегідей талаптар бойынша қабылданады:
  3. Жасөспірім студенттер үшін дене шынықтыру нормативтері:

Студент – ул балалар үшін

Бақылау жаттығулары

Балл

«5»

(өте жақсы)

«4» (жақсы)

«3» (қанағаттанарлық)

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Биік белтемелерге тартылу (саны)

12

10

8

 

Студент – қыздар  үшін

Бақылау жаттығулары

Балл

«5»

(өте жақсы)

«4» (жақсы)

«3» (қанағаттанарлық)

1.

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Шалқалап жатып денені көтеру, қолды бастың артына көтеру  (саны)

25

20

15

Үш норматив тапсыру қосындысы бойынша 8 балл жинамаған студентер конкурстың осы кезеңінен өтпеген болып саналады.

Приемная комиссия